Тоқаев Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Әбдел Фаттах Ас-Сисиді  Мысыр Араб Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады, делінген Ақорда хабарламасында.

"Сайлаудағы айқын жеңісіңіз мемлекетіңіздің дамуына қосқан мол үлесіңіз бен қажырлы еңбегіңіздің нәтижесі, сондай-ақ Мысыр халқының өзіңізге артқан  зор сенімі деп білемін. Осы ретте еліңіздің болашағын жарқын, мерейін үстем етуге бағытталған бастамаларыңыз бен жоспарларыңыздың әрдайым сәтті жүзеге аса беруіне тілектеспін. Қазақстан мен Мысыр арасындағы ортақ рухани құндылықтар мен жан-жақты өзара ынтымақтастыққа негізделген дәстүрлі қатынастардың өрісі кеңейгенін ерекше атап өтемін. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты және көпжақты форматтардағы әріптестігіміз болашақта да жалғасын тауып, қарқынды дами беретініне кәміл сенемін",  – деп жазылған жеделхатта.

Айта кетсек, Мысырдың қазіргі басшысы Әбдел Фаттах Ас-Сиси 10-12 желтоқсанда өткен жалпы сайлауда жеңіске жетіп, алдағы 6 жылға тағы да ел президенті болып сайланғаны белгілі. 

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты