Алматыда 2030 жылға дейін 2,5 миллионнан астам ағаш егілмек

Сурет: Zakon.kz
Бұл туралы ОКҚ брифингінде Алматы әкімі Ерболат Досаев журналистердің сұрағына жауап бере отырып, айтты.

Оның сөзінше, жыл басынан бері Алматыда жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелері қабылданды. Соған сай көшеттердің биіктігі кемінде 2-2,5 м болуға тиіс.

"1 көшет егуге арналған бюджет 6 мың теңгеден 16 мың теңгеге дейін ұлғайды. Бұл сомаға жасыл желекті сатып алу, егу және сапалы күтім мен 3 жыл суаруды қамтамасыз ету кіреді", - деді Ерболат Досаев.

Суғару үшін 2022-2023 жылдары 34 су жинау құрылысы салынды (соның ішінде 29 ұңғыма мен 5 су жинау), тамшылатып суару жүйесі жүргізілді – 200 шақырымнан аса аумақ 500 мыңнан астам ағашты қамтиды.

Биыл Алматының көгалдандыру жоспары 320 мың екпеге тең. Жалпы пайдалану аумақтарында барлығы 2,8 млн ағаш өседі, оның ішінде 79,6 мыңы – кесуге жататын апатты жағдайдағы ағаштар.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін