Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Иматұлы Сүнтаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Қайрат Сүнтаев Полиция генерал-лейтенанты Сөнтаев Қ.И. 1961 жылы 7 мамырда Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Ақтоғай ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 1992 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Жоғары біліктілік сыныбы – 3 дәрежелі. "Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы" мемлекеттік наградасымен марапатталған.
Еңбек өтілі:
1981 жылға қазаннан 1983 жылғы қыркүйекке дейін – Кеңес Армиясы қатарында қызмет атқарған;
1992 жылғы маусымнан 1994 жылғы тамызға дейін – Павлодар облысы прокуратурасының тергеушісі;
1994 жылғы тамыздан 1997 жылғы шілдеге дейін – Бас прокуратура басқармасының прокуроры, аға прокуроры;
1997 жылғы шілдеден 2000 жылғы желтоқсанға дейін – Ақмола облысы Ерейментау ауданының, Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры;
2000 жылғы желтоқсаннан 2002 жылғы қазанға дейін – Астана қаласы прокурорының орынбасары;
2004 жылғы шілдеден 2006 жылғы қаңтарға дейін – Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары;
2006 жылғы қаңтардан 2008 жылғы тамызға дейін – Тергеу және анықтау департаментінің бастығы, Тергеу комитеті төрағасының орынбасары, Тергеу комитетінің төрағасы;
2008 жылғы тамыздан 2009 жылғы қазанға дейін – Атырау облысы ІІД бастығы;
2009 жылғы қазаннан 2010 жылғы сәуірге дейін – Қарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары;
2011 жылғы маусымнан 2014 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеген;
2014 жылғы қарашадан 2018 жылғы маусымға дейін – Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро департаментінің басшысы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет);
2018 жылғы маусымнан 2019 жылғы шілдеге дейін – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның басшысы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет);
2019 жылғы шілдеден 2020 жылғы наурызға дейін – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет);
2020 жылғы 13 наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.