Берік Уәли президент өкілеттігінің мерзімі туралы алып-қашпа сөздерді жоққа шығарды

Сурет: akorda.kz
ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттігіне қатысты жағдайды түсіндірді. Оның айтуынша, президенттің қайта сайланатыны туралы болжамдар негізсіз.

Бүгін бірқатар шетелдік БАҚ Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкілеттігі 2026 жылы аяқталады деп хабарлады. Бірақ бұл жағдайды мемлекет басшысының кеңесшісі Берік Уәли түсіндірді.

"Бұл кейбір журналистердің еліміздегі жағдайдан бейхабарлығынан туындаған мәселе болуы мүмкін. Шын мәнінде, мемлекет басшысы "Egemen Qazaqstan" газетіне берген сұхбатында "2026 жылы референдум өткізу арқылы Конституцияға өзгеріс енгізіп, келесі сайлауға қатысады" деген алып-қашпа сөздерді жоққа шығарды. Өздеріңізге мәлім, президент 2022 жылдың қараша айында жеті жылға сайланды. Конституцияға сәйкес мемлекет басшысының өкілеттігі 2029 жылы аяқталады", - деді Берік Уәли.

Берік Уәли сонымен қатар Тоқаевтың бұған дейін президенттік өкілеттіктерді бір жеті жылдық мерзіммен шектеуді ұсынғанын еске салды.

3 қаңтар күні "Egemen Qazaqstan" газетінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақ газеттері" ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлына берген сұхбаты жарияланды.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?