Жетісу облысы мәслихатының депутатын құрылыс алаңында пышақтап кетті

Сурет: gov.kz
15 қаңтарда Үшарал қаласында Жетісу облысы Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямовты біреу пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, сағат 15:25-те Алакөл аудандық полиция бөліміне Үшарал қаласындағы салынып жатқан нысандардың бірінде біреу мас күйде жұмысшыларды қудалап жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Полиция жеткен кезде күдікті 24 жастағы жергілікті тұрғын жұмысшыларды қорғауға шыққан 34 жастағы ер адамды пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткенін анықтады. Оқиға қоңырау түскеннен кейін 5 минутта болған. Алайда жәбірленуші алған жарақатынан жедел жәрдем көлігінде көз жұмды", - делінген хабарламада.

Ұсталған азамат Алакөл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажет сараптама тағайындалды.

Тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жарияланбайды.

Бұған дейін Петропавлда Рабочий елді мекеніндегі үйлердің бірінен үш адамның мәйіті табылғаны хабарланған еді. Ер адам мен әйел және олардың 17 жастағы ұлы болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды