Президенттің кеңесшісі Қанат Бозымбаев коронавирус жұқтырды

Сурет: akorda.kz
Қазақстан президентінің кеңесшісі Қанат Бозымбаев коронавирус жұқтырды. Бұл туралы 7 ақпанда Zakon.kz тілшісіне мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған байланысты Қанат Бозымбаев еңбек демалысында.

"Президенттің кеңесшісі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың ПТР тесті оң нәтиже бергенін және қазір еңбек демалысында екенін растаймыз", - деп хабарлады сәрсенбіде ҚР президентінің баспасөз қызметі.

2024 жылғы 6 ақпанда мәжілісте Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жалпы отырыс өтіп, онда Олжас Бектеновтің кандидатурасы ҚР премьер-министрі қызметіне бекітілді. Бірақ бұл отырысқа төменгі палата төрағасы Ерлан Қошанов қатысқан жоқ. Кейін оның коронавирусқа байланысты еңбек демалысына кеткені белгілі болды.

Қанат Бозымбаев 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметін атқарып келді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы