Орталық сайлау комиссиясы Respublica партиясынан жаңа депутатты тіркеді

Сурет: ҚР ОСК
12 ақпанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, "Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты А.А.Қошмамбетовті тіркеу туралы" қаулы қабылданды.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және "Respublica" партиясы" қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 5 хаттамадан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:

1. Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутатының бос мандаты "Respublica" партиясы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Айтуар Асқарұлы Қошмамбетовке берілсін.

2. Айтуар Асқарұлы Қошмамбетов Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.

3. Айтуар Асқарұлы Қошмамбетовке белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.


"Отырыс барысында ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық Заңның 24-бабына сәйкес депутаттың өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталатынын хабарлады". ОСК

Нұрлан Әбдіров Айтуар Асқарұлына белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні табыстап, оған депутаттық корпустағы жұмысына сәттілік тіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі