Тоқаев Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты қабылдады

Сурет: akorda.kz
1 наурызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке Абай облысының өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды, делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр өңір экономикасына 568,9 миллиард теңге инвестиция салынғаны жөнінде мәлімет берілді. Бұл орайда өсім 132,7 пайыз болса, оның ішінде жеке инвестиция көлемі 131,5 пайызға артқан. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 107,1 пайызға ұлғайып, 53,2 мыңға жеткен.

Нұрлан Ұранхаев 2023 жылы өнеркәсіп өндірісі 105,1 пайызға, ауыл шаруашылығы өсімі 103,5 пайызға, құрылыс көлемі 119,1 пайызға артқанын мәлім етті.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облысты одан әрі дамыту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы