Тоқаев Болгария президентін Азат ету күнімен құттықтады

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Румен Радевті Болгария Республикасының ұлттық мерекесі – Азат ету күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Бүгінде Болгария Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өзінің тұрақты даму және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Осы тұста Сіздің көшбасшылығыңызбен еліңіз биік мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектеспін. Астана мен София арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында елдеріміздің сан қырлы байланыстары болашақта одан әрі нығая түсетініне сенімдімін", деп жазылған Ақорда таратқан жеделхатта.

Мемлекет басшысы Болгария Президентінің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас болгар халқына құт-береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі