Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Құматаев қызметінен босады

Сурет: gov.kz
Бүгін 2020 жылдың 25 мамырынан бастап Қонаев қаласының әкімі болып келген Нұрлан Құматаевтың қызметінен кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Орынбекова растады.

"Нұрлан Құматаев ағымдағы жылдың 28 наурызында өз еркімен қызметінен кетті", - деді ол Zakon.kz тілшісіне берген түсініктемесінде. 

Нұрлан Құматаев 1970 жылы 3 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында дүниеге келген. 1991 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Оның заңгерлік және экономикалық қосымша білімі бар.

Әр жылдары Іле ауданы әкімі аппаратының ауыл және тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген. 2003-2004 жылдары Байсерке ауылы әкімінің орынбасары болған.

2020 жылдың мамырында Нұрлан Құматаев Қапшағай әкімі болып тағайындалған.

Құматаев облыс орталығын Талдықорғаннан Қонаевқа көшіруге ат салысқан.

Қонаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды