Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарының екі ел аумақтарында болуы туралы заңға қол қойылды

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге енгізілген өзгерістер туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Мемлекет басшысы "2000 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген Ақорда хабарламасында.

Заңның мақсаты – екі ел арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамыту, азаматтардың сапарларын реттеу, сондай-ақ бір мемлекет адамдарының екінші мемлекеттің аумағында болуына қолайлы жағдай жасауға құқықтық негіз қалыптастыру болып табылады.

"Құжатта тараптар азаматтарының өзге елде болу кезеңі шекарадан өткен сәттен бастап 30 күннен аспаса, онда сол елдің аумағында құзыретті органдарда тіркелмей болудың оңайлатылған тәртібі көзделіп отыр. Осылайша, екі мемлекет азаматтардың өз аумақтарында уақытша тіркеусіз жүрудің мерзімін 5 күннен 30 күнге дейін ұлғайтты", делінген 2024 жылғы 21 ақпандағы Сенат талқысында.

Айта кетсек, 5 сәуірде Хиуа қаласында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесуі өтті.

Қазақстан
Өзбекстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты