Иран-Израиль қақтығысы: ҚР СІМ арадағы шиеленісті бейбіт жолмен шешуге шақырды

Сурет: ҚР СІМ
2024 жылы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына байланысты терең алаңдаушылық білдіріп, тараптарды барлық келіспеушіліктерді тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырады", делінген ведомствоның ресми хабарламасында.

Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдау білдіретінін тағы да атап өтеді.

Айта кетсек, бүгін күрделі геосаяси ахуалға байланысты Қазақстаннан Дубайға қатынайтын ұшақтар кестедегі уақытынан кешігіп жатқаны хабарланған болатын. Одан кейін Азаматтық авиация комитеті мәлімдеме жасап, Иран, Ирак, Иордания, Ливан, Израиль, Мысыр, Сириядағы күрделі саяси жағдайына байланысты ағымдағы жағдайға төнген қауіп дәрежесіне бағалау жүргізгенін, оның қорытындысы бойынша қазақстандық әуе компанияларына осы елдердің әуе кеңістігін пайдалану ұсынылмайтынын жария етті.

Қазақстан
Израиль және Палестина

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды