Никол Пашинян ҰҚШҰ-ға қатысты: Біз енді кері оралмаймыз...

Сурет: primeminister.am
12 маусымда Армения премьер-министрі Никол Пашинян өз елінің Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы құрамынан шығатынын, бірақ оның мерзімі әлі анықталмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігі "ҰҚШҰ мүшелері Әзірбайжанмен иық тірестіре отырып, Армениямен соғысуды жоспарлаған" деп Пашинянның сөзін келтіреді.

"Бізде бәрі жақсы, қашан кететінімізді өзіміз шешеміз. Келесі қадам қандай болады деп ойлайсыз, біз қайта ораламыз ба? Ол жағына уайымдамасаңыздар да болады", - деп жауап берді Пашинян депутаттың "Армения неге аталған ұйым мүшелігінен бас тартпайды" деген сұрағына.

Армениядан бөлек ҰҚШҰ-ға Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан кіреді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовты қабылдады. Қазақстанның төрағалығы кезеңінде ұйымның негізгі міндеттерін іске асыру мәселелері талқыланды.

Армения
ҰҚСК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады