Қазақстанда газ өндіруді ұлғайту жоспарлануда

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 16 шілдеде Үкімет отырысында 2024 жылға арналған газ өндіру жоспарының 50%-ы орындалғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, елімізде тұрақты түрде газ өндіру жылдан-жылға өсіп келеді.

"Бірінші жартыжылдықта газ өндіру 30 млрд текше метрді құрады, бұл 2024 жылға арналған жоспардың 49,5% -ы. Газ өндірудің негізгі өсімі Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған сияқты ірі кен орындары есебінен көзделеді", – деді Сәтқалиев.

Оның айтуынша, тауарлық газдың жалпы көлемінен ішкі нарықтың қажеттіліктеріне 2023 жылы 19,4 млрд текше метр жеткізілген. 2024 жылға арналған болжамды тұтыну көлемі шамамен 20,9 млрд текше метрді құрайды.

"Болжамды баланс бойынша тауарлық газ өндіру көлемі тұрақты түрде өсуде", - деп толықтырды спикер.

Айта кетейік, Қазақстанда 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап сұйытылған газ бағасы өсті. Енді сұйытылған мұнай газының тоннасына көтерме сауданың шекті бағасы 45 158 теңгені (бұрын – 40 320 теңге) құрайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді