Мирзиёев Қазақстанның бір топ мемлекет және қоғам қайраткерлерін "Дўстлик" орденімен марапаттады

Сурет: president.uz
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев "Қазақстан Республикасының бір топ мемлекет және қоғам қайраткерлерін марапаттау туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзбекстан президентінің сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, "Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара сыйластық, сенім, тату көршілік және стратегиялық әріптестік қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты практикалық мазмұнмен және маңызды бастамалармен толықтыруға қосқан жеке үлесі үшін, бірлескен жобаларды белсенді ілгерілету, сондай-ақ біздің елдеріміздің халықтары арасындағы ғасырлар бойғы достығын одан әрі нығайту жолындағы ерекше еңбегі үшін Өзбекстан Республикасының "Дўстлик" орденімен мына тұлғалар марапатталсын":

2024 жылы 7 тамызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Оны Астана әуежайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Кейін Ақорда Қазақстан мен Өзбекстан қол қойған құжаттардың тізімін жариялады.

Қазақстан
Өзбекстан
Балаева Аида
Мирзиёев Шавкат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті