Ерлан Қарин: Конституциялық реформаның нәтижесінде бүкіл саяси жүйенің жұмысы жаңғыртылды

Сурет: ortcom.kz
Конституциялық реформаның нәтижесінде бүкіл саяси жүйенің жұмысы жаңғыртылды, елімізде ауқымды әрі терең институционалдық өзгерістер жасалды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін еліміз Конституция күнін атап өтіп жатыр. 2022 жылы Ата заңға маңызды өзгерістер енгізілді. Әділдік қағидатына негізделген бұл түзетулер бүкіл қоғамның мүддесін ескере отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейте түсуге жол ашты. Конституциялық реформаның басты жаңалығы – Президент жеті жылдық мерзімге бір рет қана сайланатын болды, Парламенттің ықпалы күшейді. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты аралас сайлау жүйесі енгізілді. Жаңа институт – Конституциялық сот құрылды, адам құқықтарын қорғау тетіктері айтарлықтай күшейтілді. Реформаның нәтижесінде бүкіл саяси жүйенің жұмысы жаңғыртылды, елімізде ауқымды әрі терең институционалдық өзгерістер жасалды", деп жазды Ерлан Қарин Telegram-да.

Ол 2022 жылғы конституциялық реформадан туындайтын негізгі бастаманың бірі ретінде "Ұлттық қор – балаларға" жобасын атап өтуге болатынын нақтылайды.

"Жалпы, осы өзгерістерден кейін екі жыл өтті. Бүгінде біз жаңарған Ата заң мемлекетіміздің дамуына зор ықпал етті деп нық сеніммен айта аламыз", - дейді ол.

Айта кетсек, Қазақстанда 30 тамызда жыл сайын Ата- заң - Конституция күні атап өтіледі.

30 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын, әдеттегідей Конституция күнімен құттықтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды