Бұл туралы 2024 жылы 2 қыркүйекте Ақорда жариялаған Президент Жарлығында айтылады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды", делінген Жарлықта.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы 2024 жылы 31 тамызда ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қызметінен босатты.
Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
- Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастаған.
2009-2014 жылдары – Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы, меңгерушісі.
2006-2018 жылдары – "Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі" КММ жаттықтырушы-оқытушысы.
2018-2020 жылдары "Қызылжар Арландары" спорт клубының директоры қызметін атқарған.
2020-2021 жылдары – Qazaq kuresi қауымдастығының басқарушы директоры.
2021-2023 жылдары - Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.