Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен келіп жетті

Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Париж әуежайында Қазақстан Президентін Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро қарсы алды.

Сурет: Ақорда

"Ертең Елисей сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон келіссөз жүргізеді", делінген хабарламада.

Сурет: Ақорда

Айта кетсек, Президенттің Францияға сапары алдында, 4 қарашада Le Figaro басылымында мақаласы жарық көрді. 

"Біз президент Эмманюэль Макронмен бірлесіп, осы жылдың желтоқсан айында су ресурстарына қатысты барлық сын-қатерлер бойынша ынтымақтастықты күшейту мақсатында және БҰҰ-ның орнықты дамуының ең маңызды мақсатына: "барлығына таза су және санитарияға" қол жеткізу жолында One Water Summit бастамасын өткізуге қуаныштымыз. Қазақстанның тату көршілік қағидатына берік міндеттемесі "Орта дәліз" – Қазақстан мен Каспий теңізі арқылы Азия мен Еуропаны байланыстыратын стратегиялық бағыт сынды жобалар арқылы өңіраралық интеграцияны белсенді дамытуға мүмкіндік береді", делінген Президенттің мақаласында.
Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Еліміз бойынша 11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды