Тоқаев Сербия астанасына ресми сапармен келіп жетті

Сурет: akorda.kz
18 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия Президенті Александр Вучич қарсы алды.

"Қазақстан Президентінің бортын Сербия аспанында осы елдің әскери әуе күштерінің ұшақтары алып жүрді. Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары екі елдің саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды", делінген хабарламада.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты келісімдерге қол қойылмақ. Сонымен қатар Сербияның Премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесу жоспарланған.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің және Қазақстан халқының атынан Хайсам бен Тариқ Әл Саид пен оның отандастарын Оман сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтап, жеделхат жолдағаны хабарланған

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін