Тоқаев Германия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Сурет: Ақорда
21 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Магдебург қаласындағы жәрмеңкеде орын алған жантүршігерлік оқиға салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты Германия Федеративтік Республикасының Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерге көңіл айтты.

"Достас герман халқының ауыр қайғысына ортақтасып, еліміздің және өз атымнан марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", деп жазылған жеделхатта.

Айта кетсек, 21 желтоқсанда түнде Германияда қайғылы жағдай болды. Магдебург қаласында рождестволық жәрмеңке кезінде бір топ адамды автокөлік жапырып өтті. Салдарынан төрт адам қаза тауып, 200-ге жуық адам жарақат алды. Жүргізуші қамауға алынды. ГФР қайғылы бұл оқиғаны терактіге балады. 

Германия
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз