Тоқаев Байменовпен әлемдегі мемлекеттік басқарудың даму үрдістері мен доктриналарын талқылады

Сурет: akorda.kz
2025 жылы 17 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, әңгімелесу барысында әлемдегі мемлекеттік басқарудың даму үрдістері мен доктриналары талқыланды.

Астана мемлекеттік қызмет хабының жетекшісі мемлекеттік басқару саласының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жергілікті атқарушы биліктің құзыреттерін кеңейту мәселелері жөнінде ой-пікірін жеткізді.

Сонымен қатар Әлихан Байменов V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қазақтың ұлттық спорты – тоғызқұмалақтың танымалдылығын арттыруға ерекше ықпал еткенін айтты.

Президент Астана мемлекеттік қызмет хабы елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға тұрақты сараптамалық қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтіп, айтылған ұсыныстар бойынша тиісті мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеуді тапсырды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ауыр атлетика федерациялары басшыларымен кездескені белгілі.


Қазақстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі