Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесті

Сурет: akorda.kz
2025 жылы 17 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікке оң баға берді.

Ең алдымен энергетика, қаржы және инвестиция салаларындағы жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді тиімді іске асыруға баса назар аударылды. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыру үшін бірлескен жұмысты жалғастырудың маңызына ден қойылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан қазіргі жаһандық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасып, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықты күшейтуге бейіл екендерін растады.


Әңгімелесу соңында Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Байменовты қабылдап, онымен әлемдегі мемлекеттік басқарудың даму үрдістері мен доктриналарын талқылағаны хабарланған.  Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысының халықаралық ауыр атлетика федерациялары басшыларымен кездескені белгілі.

Қазақстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев
Виктор Орбан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды