Тоқаев Алматы әкіміне аумақты тарылтатын құрылыс жүргізуге мораторий енгізуді тапсырды

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 3 тамызда Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президентке шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы жоспарлары туралы баяндалды. Биылғы бірінші жартыжылдықта қысқамерзімді экономикалық индикатор 11 пайызға өскен. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 25,4 пайызға артты, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мемлекет басшысына қаланың орталық бөлігіне түсетін жүктемені азайтуға, инфрақұрылымды теңгерімді бөлуге және қалада жайлы орта қалыптастыруға бағытталған полицентристік даму барысы жөнінде мәлімет берілді. Аудандар арасындағы тиімді байланыс пен қоғамдық көлік қызметін жақсартатын транспорт жүйесін құру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев шаһардың жоғарғы бөлігінде көппәтерлі тұрғын үйлер салуға және аумақты тарылтатын құрылыс жүргізуге мораторий енгізуді тапсырды. Бұл шектеу Бас жоспарда қарастырылған әлеуметтік нысандар мен туристік кластер жобаларына қатысты емес.

Бұдан бөлек, Бас жоспарға табиғи ортаны қорғауды күшейтуге, қаланы жүйелі дамытуға және тау бөктеріндегі құрылыстың алдын алуға арналған өзгерістерді уақыт оздырмай енгізу міндетін жүктеді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Гутерриш 2025 жылы 3 тамызда Алматы қаласындағы БҰҰ өңірлік орталығында сөз сөйлегенін хабарлағанбыз.

Молния
Алматы
Әбілқасымова Мәдина
Сатыбалды Дархан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді