Мемлекет басшысы Бішкектегі Кемел Тоқаев атындағы №33 мектеп-гимназияға барды

Сурет: Ақорда
2025 жылы 22 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Бішкек қаласындағы Кемел Тоқаев атындағы №33 мектеп-гимназияны бірге аралап көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ғимаратта Ұлы Отан соғысы жылдары Фрунзе жаяу әскер училищесі орналасқан. Қазақстан Президентінің әкесі – соғыс ардагері, жазушы Кемел Тоқаев дәл осы жерден майданға аттанған, делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сурет: Ақорда

Білім ошағына Кемел Тоқаев есімін беру туралы бастаманы Президент Садыр Жапаров биыл мамыр айында көтерген болатын.

Мемлекет басшысы білім ордасының ұстаздарымен және оқушыларымен әңгімелесті. 

Сурет: Ақорда

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Бішкек қаласындағы Қазақстан мен Қырғызстан достығы аллеясында орналасқан "Достықтың алтын көпірі" ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысқан болатын.

Қырғызстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев
Жапаров Садыр

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты