Тоқаев Армениямен арадағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы заңға қол қойды

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 15 қазанда "ҚР Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда хабарламасында.

Келісім екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында мемлекеттердің аумақтарына тепе-тең негізде келу және болу тәртібін оңайлату, сондай-ақ бір мемлекет азаматтарының екінші мемлекеттің аумағында болу мерзімін белгілеу, жарамды жол жүру құжаттарын айқындау мақсатында әзірленген.

Ратификациялауға ұсынылып отырған келісім аясында екі ел азаматтары үшін бірдей негізде тиісті мерзім бекітілді.

Келісімді ратификациялау өзара уағдаласушы мемлекеттерде құқықтық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға және саяси, экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, екіжақты қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 15 қазанда "ҚР Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Армения
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды