Мемлекет басшысы Таиланд короліне көңіл айту жеделхатын жолдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 25 қазанда Таиланд короліне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Патшайым-ана Сирикиттің қайтыс болуына байланысты король Маха Вачиралонгкорн мен барша Таиланд халқына көңіл айтты, делінген Ақорда жариялаған жеделхат мәтінінде.

Айта кетсек, 93 жасында Таиланд Патшайым-анасы Сирикит дүниеден озды. Ол бұрынғы король Пхумипон Адульядеттың жары, олардың бас қосып, отбасы болғанына биыл 60 жыл толған. 2012 жылы Сирикит инсульт алып, содан бері іс жүзінде қоғамдық өмірге аса араласпай келген.

Сирикит Китиякара бай отбасында дүниеге келген, оның ата-анасы да бұрынғы Чакри патша әулетінің туыстары болған. Ол одақтастары тарапынан бомбалауға ұшыраған әскери Бангкокта балалық кезеңін өткізіп, ІІ-дүниежүзілік соғыстан кейін дипломат әкесімен бірге Францияға көшіп кетеді. 16 жасында Сирикит Парижде Таиландтың жаңадан таққа отырған королімен кездеседі. Ол кезде ол музыка мен шет тілдерді оқып жүрген. Олардың қарым-қатынасы Пхумипон жол апатына ұшырап, бір өлім аузынан қалған кезден бастап ерекше реңке ие болады. Сирикит сүйіктісін бағып-күту үшін ол оқып жатқан мемлекет - Швейцарияға қоныс аударады. Ерлі-зайыптылар 1950 жылы үйленіп, төрт балалы болады: қазіргі патша Маха Вачиралонгкорн және Уболратана, Сириндхорн, Чулабхорн ханшайымдары.

Патшайым-ана Сирикиттің суреттерін тайландықтардың әр үйінен, қоғамдық орындардан кездестіруге болады. Ал оның туған күні елде Аналар күні ретінде атап өтіледі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы атына Республика күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатқанын жазғанбыз.

Қазақстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты