Қарин: Соңғы 7 жылда еліміздің азаматтығынан шығуға берілген өтініштер саны 25 есе азайды

Сурет: akorda.kz
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығару мәселелері қаралды, делінген Ақорда баспасөз қызметінің 2025 жылғы 24 қарашадағы хабарламасында.

Мемлекеттік кеңесші кейінгі 7 жылда еліміздің азаматтығынан бас тартқан адамдардың саны тұрақты түрде азайып келе жатқанын атап өтті.

Мысалы, соңғы 7 жылда азаматтықтан шығуға берілген өтініштер саны 25 есе азайды. 2019 жылы 1,7 мың адам азаматтықтан бас тартса, 2020 жылы – 944, 2021 жылы – 123, 2022 жылы – 114, 2023 жылы – 107, 2024 жылы – 77, ал 2025 жылы 68 адам азаматтықтан шыққан.

"Мұның бәрі Қазақстан азаматтығы институтының абырой-беделі артып келе жатқанын көрсетеді. Елдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай мен Мемлекет басшысының реформалары тұрғындарға зор сенім ұялатып отыр", делінген хабарламада.

Сурет: akorda.kz

Айта кетсек, 2025 жылда 11 012 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 159,1 мың этникалық қазақ оралды.

Қазақстан
Қарин Ерлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды