Тоқаев Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты жиын қатысушыларына құттықтау жолдады

Сурет: bilim-all.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған салтанатты жиын қатысушыларына құттықтау жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент құттықтауы мәтінін 2026 жылы 2 наурызда Ақорданың баспасөз қызметі жариялады:

"Қадірлі қауым! Сіздерді қазақ халқының заңғар тұлғасы, әдебиетіміздің алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуымен құттықтаймын! Жамбыл Жабаев – ұлт руханиятында ерекше орны бар тарихи қайраткер, төл мәдениетіміздің аса көрнекті өкілі. Әйгілі жыршы шоқтығы биік шығармалары арқылы отаншылдық пен ынтымақ, ерлік пен елдік, адалдық пен әділдік секілді мызғымас құндылықтарды кеңінен дәріптеді. Халқымыздың біртуар перзенті айтыс өнерінің өрісін кеңейтуге, эпикалық дәстүрді жаңғыртуға, қазақ-қырғыз әдеби байланысын нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Өз дәуірінің тыныс-тіршілігін асқан шеберлікпен суреттеп, жұрттың ыстық ықыласына бөленді. "ХХ ғасырдың Гомері" атанған ұлы ақынның туындылары көптеген шет тіліне аударылып, барша адамзатқа ортақ қазынаға айналды".

Мемлекет басшысының айтуынша, қос ғасырдың куәсі болған жыр алыбының мол мұрасы әлі талай ұрпаққа рухани азық болары сөзсіз.

"Биыл мерейтойға орай Жамбыл Жабаевтың тарихи бейнесін айшықтай түсетін құнды пікірлер мен тағылымды ой-тұжырымдар айтылады деп сенемін. Осы өте маңызды іс-шараларыңыз сәтті өтсін, баршаңыздың ниеттеріңіз қабыл болсын! Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін!". Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін 28 ақпанда жыр абызы Жамбыл Жамбаевтың 180 жасқа толғанын хабарлаған болатынбыз.

Қазақстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев
Жабаев Жамбыл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды