Мемлекет басшысы Дания короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дания королі X Фредерикке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредерикті Дания Корольдігінің ұлттық мерекесі – Конституция күнімен құттықтады, деп нақтылайды 2026 жылы 5 маусымда Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті аталған мереке Дания халқы үшін демократиялық құндылықтардың, қоғамдық келісімнің және орнықты дамудың символы ретінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы достық пен өзара қолдау рухындағы қазақ-дат байланыстары одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредериктің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Дания халқына бақ-береке тіледі.

Бұған дейін ️Мемлекет басшысы 2026 жылғы 5 маусымда өткен халықаралық форумда Әділетті Қазақстанды құру үшін атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталған болатын.

Қазақстан
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Қазақстанда 30-дан астам жаңа мамандық пайда болады

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Бір тәулікте 55 орман өрті: Қазақстанда найзағай тілсіз жауға себеп болды

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады