ОСК Құрылтай сайлауына қатысатын партиялық тізімдерді қабылдап болды

Сурет: Zakon.kz
ОСК хатшысы Шавхат Өтемісов Орталық сайлау комиссиясының отырысында партиялық тізім бойынша кандидаттарды ұсыну кезеңін аяқталғанын мәлімдеп, оның қорытындысы бойынша жеті саяси партия құрылтай депутаттығына 546 кандидаттың тізімін ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спикер атап өткендей, күнтізбелік жоспарға сәйкес Құрылтай депутаттығына кандидаттарды ұсыну 13 шілдеде сағат 18:00-де аяқталды.

"Саяси партиялар өз саяси партиясына мүше емес адамдарды партиялық тізімге енгізуге құқығы жоқ. Саяси партияның жоғары органының шешімі азаматтың партиялық тізімге енгізуге келісім беру туралы өтінішімен бірге Орталық сайлау комиссиясына жолданады. Тіркеуге бір саяси партиядан бір ғана тізім жіберіледі, оған енгізілген адамдардың саны депутаттық мандаттардың белгіленген санынан 30%-дан аспайды", - деді Шавхат Өтемісов

Бұл ретте, оның айтуынша, партиялық тізімдерде үш санаттағы өкілдер – әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар кандидаттардың жалпы санының кемінде 30%-ын құрауы тиіс.

Шавхат Өтемісов 13 шілдеде сағат 18:00-де Орталық сайлау комиссиясына 7 саяси партияның партиялық тізімдері ұсынылғанын хабарлады:

Сондай-ақ ол саяси партиялар Конституциялық заңда көзделген барлық құжатты ұсынғанын айтты.

"Қазіргі уақытта барлық саяси партиялардың құжаттары Конституцияның 35-бабының 3-тармағында және 54-бабының 3-тармағында және Конституциялық заңның 4-бабында белгіленген талаптарға партиялық тізімге енгізілген азаматтардың сәйкестігін тексеру үшін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберілді. Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеу 23 шілдеде сағат 18:00-де аяқталады", деп сөзін түйіндеді Шавхат Өтемісов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

25 жыл түрмеде отырған қауіпті қылмыскер қайтадан күдікке ілікті

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

14 шілдеде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Рыбакина Уимблдоннан кейін WTA рейтингінде қай орынға тұрақтады

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды