Бұл туралы 2026 жылы 15 шілдеде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:
"Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Бұдан бөлек, қытай компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстел өтеді. 17 шілде күні Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады. Жиын "Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік" тақырыбына арналып отыр".
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойған болатын.