Чемпион Чонтейді ҰОК президенті Тимур Құлыбаев құттықтады

Сурет: olympic.kz
Жанкүйер оның 2018 жылы Ашхабадта алған күмісін ұмытқан жоқ

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеттің президенті Тимур Құлыбаев Ташкенттегі әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Арли Чонтейді құттықтады деп хабарлайды Zakon.kz.

- Қазақстандағы барша олимпиадалық жанұя атынан Сізді Ташкенттегі әлем чемпионатындағы жеңісіңізбен құттықтаймын.

Сіздің алтын жүлдеңіз жылдар бойы жалғасқан тынымсыз жаттығу мен еңбектің арқасында келді. Жанкүйерлер сіздің 2018 жылы Ашхабадта жеңіп алған күміс жүлдеңізді ұмытқан жоқ.

Бүгінгі керемет көрсеткіштен соң адал еңбектің жақсы нәтижемен оралатыны тағы да дәлелденді. Ұзаққа созылған пандемия барлық салаға салқынын тигізіп, спорттық жарыстар күнтізбесіне де өзгеріс енгізген шақта чемпион атану жеңістің бағасын одан әрі арттыра түседі.

Сіздің бапкерлеріңіз Михаил Сорокин мен Виктор Ниді де жетістігімен құттықтаймын!

Бұл жеңіс үлкен спорттағы қадамын енді аттаған көптеген жас атлеттерге жігер беретініне сенімдімін! Зор денсаулық пен толағай табыстар тілеймін, - делінген құттықтауда.

ҚР ҰОК
Құлыбаев Тимур

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды