Жүкембаев мексикалық Альваресті бір минутта нокаутқа жіберді

Сурет: Instagram/batyr_jukembaev
Қазақстандық былғары қолғап шебері Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альваресті жер жастандырды, деп хабарлайды Zakon.kz

Vesti.kz  мәліметінше, отандасымыздың қатысуымен болған бокс кеші Монреальда өтті. Алты раундтқа жоспарланған жекпе-жек небәрі бір минутқа созылды.

Алғашқы секундтардан бастап белсенді болған Жүкембаев қарсыласын төпелеп ұра бастады. Нәтижесінде Альварес нокдаунға түсті. Бірақ төрешіге айқасты жалғастыра алатындығына көз жеткізді. Дегенмен Батыр Жүкембаев шабуылын тоқтатпай, соққыларын дәл тигізуді жалғастырды. Кездесу басталғалы небәрі бір минуттан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Канада

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы