Жекпе-жек 12 раунд бойы жалғасты, бұл көптеген адам үшін тосынсый болды. Бүкіл жекпе-жек бойында қазақстандық Оңтүстік Америкадан келген қарсыласынан басым болып отырды, сондықтан көрермен әне-міне деп нокаут күтті. Екінші раундтың басында Хуан Эрнан Леал еденнен үш рет көтерілуіне тура келді, екі рет нокдаунға түсіп, тағы бір ауыр соққыны қабыл алды.
Нәтижесінде, үшінші раундта аргентиналық шабуылдаудан тартыншықтай бастады. Данияр қарсыласын жиі қарсы алып, кез келген шабуылына лайықты тойтарыс беріп отырды.
Осыған байланысты Хуан Эрнан Леаль тек қорғанып қана жүруге мәжбүр болды, ал шабуылдауға дағдыланған Данияр оны қалт кету сәтін күтумен болды, бірақ онысы тым ұзап кетті. Бірнеше күшті соққыны өткізіп алған аргентиналық аса сақ болды.
Ал зал шулап, айқасты мерзімінен бұрын аяқтауды талап етті. Бірақ жекпе-жек барлық он екі раундқа созылды, соңында аргентиналық тіпті батылдық танытып, бірнеше жақсы шабуылдар жасады, бірақ онысынан түк шықпады.
Елеусіновтің жеңісі айқын болып, төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Данияр Елеусінов чемпиондық белдік үшін бақ сынап көрген тарихта бесінші қазақстандық атанды. Осылайша ол Василий Жиров, Геннадий Головкин, Жанат Жақиянов және Бейбіт Шүменовтердің ізін басты.