Дәулет Тұрлыханов ҚР күрес федерациясының басшысы болып сайланды

Сурет: Facebook/Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Азия күрес федерациясының президенті, UWW бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов Қазақстан Республикасы грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының жаңа басшысы болып сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы спорт журналисі Данияр Кәрімжанға сілтеме жасап, Prosports.kz хабарлады.

Айта кетсек, биыл қазанның басында ҚРКФ кезектен тыс онлайн конференциясында Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының жаңа басшысы болып бұған дейін еркін күрес бойынша вице-президент қызметін атқарған Ерлан Қожасбай сайланған болатын. Ол қызметінен кеткен Сауат Мыңбаевтың орнына келген еді.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтота Райымқұлова мен Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаевтың атына ашық хат жазған аймақтық федерация басшылары сайлау нәтижесімен келіспеді. Облыстық ұйым басшылары сайлау кезінде болған өрескел заң бұзушылықтарға тоқталып, қайта сайлау өткізуді сұрады.

Сайлаудан кейін Ерлан Қожасбай вице-президент Дәулет Тұрлыхановты, Гүзел Манюрованы, Сәкен Мұсайбековті және Данияр Әбілғазинді қызметінен босатқан болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі