Халықаралық хоккей федерациясы қаңтарға жоспарланған барлық жарыстың күшін жойды

Сурет: Instagram/iihfhockey
Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) ұйымның қолдауымен қаңтар айына жоспарланған жарыстардың болмайтынын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды.

Күшін жойған IIHF жоспарындағы жарыстардың тізімінде 8-15 қаңтар аралығында Швецияда өтетін Қыздар арасындағы жастар әлем біріншілігі де бар. Оған 18 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы да қатысатын болып жоспарланған.

Біз өткен жылдағыдай ерлер мен әйелдер арасындағы IIHF жарыстарын, соның ішінде екінші жыл қатарынан 18 жасқа дейінгі қыздар дивизионындағы жарыстарды тоқтату туралы қиын шешімді қабылдауға мәжбүрміз. IIHF Президенті Люк Тардиф

Турнир екінші жыл қатарынан тоқтатылды, 2021 жылы коронавирус пандемиясына байланысты жарыстар болмаған еді.

Лигалардың міндеттемелеріне байланысты аталған турнирлердің барлығы кейінге шегеріле алмайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды