Әділбек Мусин Қазақстан рекордын жаңартты

Сурет: ҚР ҰОК
Әділбек Мусин 51.11 сек нәтижесімен 100 м баттерфляй қашықтығында Қазақстанның жаңа рекордын орнатты. Бұл көрсеткіш бұған дейін өткен екі апта бұрын FINA-да өткен қысқа қашықтыққа жүзу бойынша әлем чемпионатындағы нәтижеден де жақсы болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Абу-Дабиде Әділбек баттерфляйдан 100 және 200 м қашықтыққа жүзуде екі рекорд орнатқан еді.

27-28 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен "Владимир Сальников кубогы" (25 м) жүзу бойынша халықаралық жарыстарда Мусин тағы да жаңа рекордқа қол жеткізді.

Сурет: ҚР ҰОК

Бұл турнирде отандық жүзушілер Қазақстан Республикасының тағы екі рекордын жаңартқан. 3 мин 34,08 сек нәтижесімен еркін стильде 4х100 аралас эстафетада (Мусин А., Шацков к., Абубакирова с., Игнатова К.) және 1 мин 45,22 сек нәтижесімен 4х50 аралас эстафетада (Игнатова к., Пчелинцева А., Мусин А., Варакин А.).

Осылайша, Әділбек екі апта бойы жеке жүзуде Қазақстанның үш рекордын жаңғыртып, нәтижелерін жақсартты және эстафеталардағы екі рекордтың тең авторы атанды. Нәтижелердің оң динамикасы Әділбектің спорттық шеберлігінің артқанын көрсетеді.

Оған олимпиадалық лицензияға жету үшін әлі де көп жұмыс істеуі керек, бірақ бүгінде оның нәтижелері мен динамикасы бойынша біз оның алға жылжып жатқанын көріп отырмыз. Жақында ұлттық құраманың жаттықтырушылар құрамы жаңартылды, жаңа есімдер, жас спортшылар келді, олармен біз болашақ Олимпиада ойындарында танысамыз. Осындай спортшылар барда Қазақстанның жүзу спортының болашағы жарқын деуге болады. Федерациясының президенті Андрей Крюков
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты