Қысқы олимпиада ойындары көрсетілетін телеарналар аталды

Сурет: pixabay
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ мен «Хабар» агенттігі» АҚ ел аумағында 2022 жылғы Қытайда өтетін XXIV Қысқы олимпиада ойындарының ресми хабар тарату құқығын иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстандықтар 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде өтетін Қысқы олимпиада ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «El arna» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады. Олимпиада ойындарының іріктеу жарыстары 2 ақпаннан басталады.

XXIV Қысқы олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасында 87 жолдама иеленген 34 спортшы бар. Қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі.

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында трансляцияларға Есей Жеңісұлы, Руслан Бақытжан, Тимур Сүлейменов, Сергей Райлян, Ерсін Ерікұлы, Уәлихан Қосанбай, Самат Қанағатов, Александр Олейник, Дидар Қадыров, Данила Малышев, Жігер Әзберген, Әсем Нұрланова, Лилиана Әлжанова, Индира Бектенова комментатор болады.

«Qazaqstan» телеарнасындағы Олимпиада ойындарының ашылу, жабылу салтанаты мен жарыстар толықтай қазақ тілінде жүргізіледі. Комментаторлармен бірге тікелей эфирге қысқы спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар мен спорт сарапшылары шақырылады.

XXIV Қысқы олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан 17:55-те басталады. Қазақстан ұлттық құрамасы ел тарихында Қысқы олимпиада ойындарында 8-рет бақ сынайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталды: не істеу керек, қайда бару керек