Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Мемлекет басшысына алғыс білдірді

Сурет: Ақорда
Тоқаев шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz

Президент Варшавада өткен әлем чемпионатында шахматтың «блиц» түрінен алтынды, «рапид» бойынша күміс медальді иеленген жас шахматшыны жарқын жеңісімен құттықтады.

Бұл туралы ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Бибісара Асаубаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, спорттағы мансабына қатысты алдағы жоспарымен бөлісті.

Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваның әлемдік шахмат аренасында Қазақстанның намысын келешекте де лайықты қорғай беретініне сенімді екенін атап өтіп, жеңістен жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек