Бейжің-2022. Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатыр

Сурет: Beijing2022
Бейжіңдегі қысқы олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды, деп хабарлайды Zakon.kz

Ашылу салтанатының қойылымын белгілі режиссер Чжан Имоу дайындаған. Дәл осы режиссер 2008 жылы өткен Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын қойған еді. Ұйымдастырушылар салтанатты ашылу қалай өтетінін, рәсімнің негізгі мәліметтерін құпияда сақтап отыр.

Пандемия шараларын қатаң ұстану мақсатында салтанатты кеште өнер көрсететін адамдар санын барынша азайту туралы шешім қабылданған. Сонымен шоуға барлығы 3 мың актер қатысады.

Қытайдың тарихы мен мәдениетін таныстыруға актерлармен бірге арнайы эффектілер, музыка, би, әндер, отшашу көмектеседі.

Кез келген Олимпиаданың ашылу салтанатының маңызды сәттерінің бірі – Олимпиада алауын жағу. Ұйымдастырушылар дәл осы рәсім бұрын-cоңды болмаған тәсілмен жасалатынын мәлімдеді.

Олимпиада алауын жағу кейінгі 100 жылда болмаған, ерекше әдіспен жүзеге асады. Сонымен қатар ашылу салтанатының шоуын әзірлегенде экология мәселелері мен қоршаған ортаны қорғау, көмірқышқыл газының шығарындысын азайту тақырыбына көңіл бөлдік.Чжан Имоу

Бейжіңде өтетін олимпиада ойындарының ұраны — «Жылдамырақ, жоғарырақ, күштірек – бірге».

Қазақстандық спортшылар шеруінің туын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен конькиші Екатерина Айдова көтереді. Олар көрермен алдына эксклюзив костюмдермен шығады. Дәлірек айтсақ қазақстандық спортшылар Сақ патшайымы Томирис және айбынды батырдың образында шықты. Ұлттық нақыштағы костюмдерді дизайнер-модельер Виолетта Иванова жасады.

Сурет: ҰОК баспасөз қызметі

Кейінгі рет Қытай Олимпиаданы 2008 жылы қабылдады. Осыдан 14 жыл бұрынғыдай басты спорттық шараның ашылуы Бейжің ұлттық стадионында өтіп жатыр.

Айта кетейік, Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан барлығы 34 спортшы қатысады.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты