Ақтық сынға шыққан қазақстандық конькиші жүлделі орынға ие бола алмады

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спортшы Надежда Морозова 2022 жылғы Олимпиаданың 3000 метр қашықтықта конькимен жүгіру жарысының ақтық сынында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz

Коньки бойынша Қазақстан құрамасынан Надежда Морозова америкалық Мия Килбургпен бірге екінші жұп болып мұз айдынына шықты. Ол әйелдер арасында 3000 метр қашықтықты 4:04.97 уақытта жүгіріп өтті. Алдыңғы екі жүгіру кезінде көрсеткен жақсы көрсеткіштеріне қарамастан Надежда жүлделі орынға жете алмады. Оның алдын 4:01.77 уақытымен жапониялық спортшы Такаги Михо орап кетті.

Осылайша, отандасымыз жарысқа шыққан 30 спортшы ішінде 13-ші орынға тұрақтады. 

Бірақ, соған қарамастан Надежда Қазақстанның рекордын жаңартқанын айта кетелік. Бұған дейін Людмила Прокашева бұл қашықтықты 4:05.01 уақытымен еңсерген болатын.

Басқа қашықтықтағы жарыстарда Морозованың өнерін алда әлі тамашалайтын боламыз.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз