Шавкат Рахмонов UFC-дің ТОП-15 үздіктер рейтингісіне енді

Сурет: Instagram/shavkat_rakhmonov94
Қазақстандық жартылай орта салмақтағы ережесіз жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC-дің жаңа рейтингісінде 15-ші болып есепте тұр, деп хабарлайды Zakon.kz

Рахмонов және әлемнің басқа да үздік файтерлерінің жаңартылған тізімі UFC-тің ресми сайтында жарияланды. Кәсіби мансабында жеңіліп көрмеген қазақстандықтың бұл жетістігі октагонда мерзімінен бұрын аяқтаған үшінші жеңісінен кейін мүмкін болды. Рахмонов UFC-де абсолютті көрсеткішке ие: үш жекпе-жек – үш жеңіс.

5 ақпанда Рахмонов гайаналық Карлсон Харристы техникалық нокаутқа жіберді. Шавкат Рахмонов рейтингіде орыс Мүслім Салиховты ығыстырып, 15-ші орынға орнықты.

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты