Конькиші Морозов Қысқы олимпиадада неге аз ұпай жинады – бас бапкер жауап берді

Сурет: olympic.kz
Конькимен жүгіруден Қазақстан командасының бас бапкері Дмитрий Бабенко Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында сынға түскен Дмитрий Морозовтың көрсеткіші туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің сайтында жазылды.

Морозов 8 ақпан күні 1500 метрге жарысып, 18-орын алған еді. Жаттықтырушы оның ұпай санының аз болуына қарсыласының әсері болғанын айтты.

Көрсеткіш біз ойлағандай емес. Алайда ол өзінің ең жақсы нәтижесін тіркеді. Морозовқа қарсылас сәтсіз түсті. Ол көбіне спринтке бейім екен. Алғашқы метрлерде екпін алып, қалған бөліктерге күшін дұрыс жұмсау маңызды еді. Сондықтан, Дмитрий жолаққа шыққанда кедергі келтірмес үшін, алғашқы 300 метрде барын салды. Мұның әсері тиді. Әрі қарай бейімделу қиын болды. Сол себепті, соңғы айналым оған өте ауыр соқты. Егер қарсыласы ыңғайлы болғанда, Дмитрийдің нәтижесі де жақсы болар ма еді? Конькимен жүгіруден Қазақстан командасының бас бапкері Дмитрий Бабенко

Бас бапкер Олимпиадаға алғаш рет қатысып тұрған Дмитрий Морозовтың бұл көрсеткіші де жаман емес деген баға берді.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді