Бейжің—2022: Шорт-трекші Әділ Ғалиахметов жартылай финалға өтті

Сурет: Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі
Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен ерлер арасында 1500, әйелдер арасында 1000, 3000 метрге жарысудан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz

1500 метрге жарысудан Қазақстан атынан Әділ Ғалиахметов пен Денис Никиша ширек финалдық бәсекеге қатысты.

Өкінішке қарай, Денис Никиша жарыс кезінде құлап қалып, ескерту алды. Ол өзімен бірге тағы бір канадалық спортшыны да жарыс жолынан шығарған еді. 

Ал Әділ Ғалиахметов топта екінші орын иеленіп, жартылай финалға жолдама алды.

 Еске сала кетейік, бүгін Олимпиадалық слалом турнирінде 30 шаңғышы мәреге жете алмағанын хабарлаған едік. Бірінші іріктеу кезеңінен өте алмаған шаңғышылардың тізімінде қазақстандық Александра Троицкая бар.

Айта кетейік, Қытайда Бейжің-2022 Қысқы олимпиада ойындары басталды. Биылғы олимпиада Ұйымдастыру комитетінің, Халықаралық олимпиада комитетінің және Қытай үкіметінің талабы мен ережелеріне сай қатаң түрде өтіп жатыр.

Қазақстан
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз