Норвегиялық Рейсланд Бейжің олимпиадасындағы үшінші медалін жеңіп алды

Instagram/marteolsburoiseland
Норвегиялық биатлоншы Марте Олсби Рейсланд Қысқы олимпиада ойындарында 7,5 шақырымдық спринт жарысында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл медаль норвегиялық спортшының Бейжің олимпиадасындағы үшінші жүлдесі. Бұған дейін ол аралас эстафетада алтын, жекелей жарыста қола жүлдеге ие болған. Рейсландтан кейін 31 секунд салып, мәреге швециялық Эльвира Эберг келді. Үздік үштікке итальяндық биатлоншы Доротеа Виерер де енді.

Бұл сынға Қазақстанның атынан қатысқан Галина Вишневская-Шепоренко 52-орынды қанағат тұтты.

Қытай
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды