Бейжің-2022: Шорт-тректен 500 метрге жарысудан Абзал Әжіғалиев ақтық сынға өтті

Сурет: olympic.kz
Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 500 метрге жарысудан ширек финал аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл кезеңде Қазақстан атынан үш спортшы бақ сынап, екеуі келесі айналымға өтті. 

Денис Никиша мен Абзал Әжіғалиев жартылай финалға жолдама алды. Денистің уақыт көрсеткіші - жартылай финалға өткен спортшылар арасында екінші орында. 

Ал Әділ Ғалиахметов 1/4 айналымда Олимпиаданы аяқтады. Ол келесі кезеңге өте алмады. 

Абзал Әжіғалиев 40.643 секунд нәтижесімен үшінші орын алды. Оның ширек финалдағы нәтижесі фотофиниш көмегімен анықталды. Сондықтан жүгіруден барлық жарыстың аяқталуын күтуге тура келді. Нәтижесінде, ол үшінші орын алғандардың ішіндегі ең жылдам болып, жартылай финалға жолдама алды.

Жартылай финалда Денис Никиша бірден көшбасшылар тобынан көрінді, бірақ қашықтықтың ортасында қарсыластар бір-бірін ығыстыра бастады, нәтижесінде қазақстандық төртінші позицияға ығысты. Судьялар эпизодтарды қайта мұқият қарап, ереже бұзу фактісін таппады. Нәтижесінде 1.005 уақытымен Никиша медаль үшін күреске ілінбей қалды, ол тек жұбаныш финалына шығады.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды