Қазақстан құрамасының футболшысы (Нұралы Әліп – ескерту) 2022 жылдың соңына дейін сатып алу құқығын сақтай отырып, жалдау құқығы негізінде "Зенит" футбол клубына қосылды."Зенит" ФК баспасөз қызметі
Нұрәлі Әліп 1999 жылдың 22 желтоқсанында Ақтау қаласында дүниеге келген. Сегіз жасында жергілікті «Каспий» командасында футболдың алғашқы әліппесін ашты.
2015 жылдан бастап «Кайрат» академиясына ауысып, үш жылдан кейін алматылық клубтың негізгі құрамында тұсаукесер ойынын өткізді. Қазірге дейін ол «Қайрат» құрамында 99 ойын өткізген. Нәтижесінде қарсыластар қақпасына бес гол соғып, әріптестеріне төрт нәтижелі пас берді. Команда құрамында ел чемпионы атағына ие болып, екі мәрте Қазақстан кубогына қол жеткізді. Ұлттық құрама сапында 12 ойын өткізіп үлгерді.
Биылғы жылдың қаңтарында «Зениттің» оқу-жаттығу жиынына шақырту алды. Atlantic Cup кубогында Данияның «Мидтьюлланд» және «Брондбю» командалары қақпасына екі гол соқты. Ол өзінің жаңа клубында 28 нөмірлі жейдеде ойын көрсетеді.