Конькимен жүгіру. Ерлі-зайыпты Морозовтар масс-старт бойынша жарыста бақ сынады

Сурет: olympic.kz
Бейжіңде 2022 жылғы Қысқы олимпиада ойындарында Қазақстанның ерлі-зайыпты спортшылары Надежда және Дмитрий Морозовтар ерлер мен әйелдер арасында масс-старт бойынша конькимен жүгірушілер арасындағы жарысқа қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz

Масс-старттың бірінші жартылай финалында мұз айдынға Дмитрий Морозов шықты.

Қазақстандық спортшы жарыс қорытындысы бойынша 8:08.73 нәтижесімен 10-шы болып мәреге жетті. Бұл - финалға шығу үшін жеткіліксіз көрсеткіш, тек алғашқы сегіз қатысушыға ғана мұндай мүмкіндік беріледі.

Финалдық шайқаста Бельгия өкілі Барт Свингс үздік атанды.

Жартылай финалда Надежда жақсы өнер көрсетті. Ол мәреге сегізінші болып келді, бұл оған финалға өтуге мүмкіндік берді.

Алайда жарыстың шешуші бөлігінде Надежда Морозова қарсыластарын артқа қалдыра алмады, масс-стартта 8:21.05 көрсеткішімен 15-ші болып жарысты аяқтады.

Голландиялық Ирен Шаутен ОО-2022-де әйелдер масс-стартының чемпионы атанды.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді