Дохаға алтын үшін келдім: Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан топ жарды

Сурет: olympic.kz
Катар астанасы Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Нариман Құрбанов жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Olympic.kz сайтының жазуынша, Нариман гимнастикалық ат снарядында сынға түсіп, әлем үздіктерінен басым түсті. Оның финалдағы жаттығуына төрешілер 15.200 ұпай қойды.

Бұл сайыста күміс медальді ирландиялық Рис МакКленаган иеленсе, қола жүлдені армениялық Арутюн Мердинян жеңіп алды.

Айта кетелік, Нариман Құрбанов Котбуста (Германия) өткен әлем кубогінде финалда өнер көрсеткен болатын.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты