Абрамович футбол лигасын құрып, оған қазақстандық командаларды да шақырмақшы

Сурет: Instagram/roman_chelseafc
Ресейлік олигарх Роман Абрамович құрлықтық футбол лигасын құруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған ресейлік, серб, қытай, израиль және болгардың ең үздік клубтары кіруі керек. Бұл туралы Euronews журналисі Сайд Перейруге сілтеме жасап, inc-news хабарлады.

Сондай-ақ, Беларусь, Қазақстан және Финляндия клубтарын да қосып алу жоспарда бар. Лигаға ресейлік және қытайлық кәсіпкерлер, сондай-ақ басқа елдердің өкілдері демеушілік етеді.

Бұған дейін Абрамович 2003 жылдан бері иелік етіп келген "Челси" футбол клубын сататынын жариялаған болатын. Оның басшылығы кезінде клуб төрт рет Англия чемпионатын және екі рет Чемпиондар Лигасын жеңіп алды.

Абрамович клубтың 1,51 миллиард фунт көлеміндегі қарызын қайтаруды сұрамайтынын айтты.

Әлеуетті сатып алушылар арасында АҚШ-Швейцария консорциумы да бар екені айтылады. Абрамович "Челсиге" £4 млрд (€4,84 млрд) сұрап отыр, бірақ мұндай бағаны төлеуге, әзірге ешкім құлық танытпады.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті